Ердің отбасында басшы болуының сыры – əйеліне көркем мəміле жасай алуында жатыр... 

Ақыл, ой-пікірінің жетіктігінен және қиындықтарға төзімділігінен ер кісі отбасының басшысы болып табылады. Бұл əйелдердің ақылы кем деген сөзді білдірмейді əрине. Алла тағала Құранда: 

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды[1]» деген. 

Ер адамға бұл жауапкершілік жүктелгендіктен, кездесетін кейбір 
қиындықтарға төзіп, кейбір кемшіліктерге көз жұмып, өзін сабырға үндеуі қажет болады.
Ал, әйел заты, негізінде, табиғатынан бітім-болмысы әлсіз. Сезімге жақын жаратылыс. Егер ер адам əйел затын әрбір нәрсеге есеп ете берсе, əйел еш нәрсе істей алмай қалады. Ал оның қисықтығын түзету – оны сындырып алуға апарып соғады. Оны сындырып алу – онымен ажырасу. 

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: 
«Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер.
Өйткені олар қабырғадан 
жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түз
етемін десеңіз, сындырып аласыз. Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді. Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер[2]»

 

Дайындаған Nurgasyr.kz

 


[1] Ниса сүресі 34 аят

[2] Бұхари мен Муслим жеткізген

2017-10-13
1628

Добавить комментарий


Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғайтын сүре. Тәбәрак (Мүлк) сүресі

Отыз күнәны жойып, қабір азабынан қорғай…

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): &...

07-11-2016 Просмотров:401834

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары анықталды

Әлемнің ең ықпалды мұсылман тұлғалары ан…

 Амман корольдік стратеги...

11-10-2016 Просмотров:239847

Әріптес сайттар
Jo-Lonn Dunbar Jersey